Осыдан екі жыл бұрын «Майқайыңалтын» кәсіпорнында болған апатта қаза тапқан құтқарушының ұлы әділдік іздеп сотқа жүгінді. Апелляциялық соттың шешімімен Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның ұлына 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды.
Еске салайық, 2024 жылдың 4 қаңтарында Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Араға уақыт салғанымен, бұл іс бойынша сот процестері әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы талапкер лауазымды тұлғалардың салғырттығы ауыр зардаптарға әкелгенін алға тартты.
Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің бас маманы
Іс материалдарын қарап сот алқасы қылмыстық іс бойынша сот заңды күшіне енген үкімімен өнеркәсіптік саласындағы мемлекеттік қадағалау органы лауазымды тұлғалардың салғырттығы ауыр зардаптарға әкеп соққанына анықтағанын ескерді. Аппеляциялық сатыдағы сот азаматтық құқықтық нормаларға сәйкес заңды тұлға өз қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде келтірген зияны үшін жауапты болатынын көрсетті. Сот алқасы талап қоюшының жан азабы сипатын әділдікпен ақылға сыйымдылық қағидаттарын ескере отырып бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертті. Және мемлекетті мекемеден 2 млн теңге мөлшеріндегі моральдік зиянды өндіру туралы қаулы етті. Талап қоюдың қалған бөлігі бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Іс Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралды. Қаулы заңды күшіне енді.
Әйгерім Тоқпанқызы