Екінші дүниежүзлік соғыста ерлігімен танылған ерлердің бірі – Сембай Қалиев. Аққулы ауданы, Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде батырға арналған кабинет ашылды. Онда майдангер жайлы мұрағаттық деректер мен жеке заттары қойылды.

Шараға Сембай Қалиевтың ұрпақтары, жергілікті тұрғындар қатысты. Батырдың ерлігі баршасына аян. Тек, жүйелі түрде зерттеу, ерлігін әділ бағалу ісі ғана кемшіл. Кабинет осы олқылықтың орынын толтыру жолындағы шаралардың бірі.

РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМ

Батырларымыздың ерлігін ұлықтау, оны келешек ұрпаққа насихаттау біздің азаматтық парызымыз. Қымбатты, жерлестер, қонақтар! Баршаңызды 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дархан жерімізде тек бейбітшілік, береке-бірлік болсын!

Кабинет алдағы уақытта барша Аққулы жастарының өз тарихын білуіне, бабалар ерлігін тануына қызмет етпек.

Музей кабинеттің ашылуына майдангердің ұрпақтары айрықша ат салысты. Әкелері жайлы естеліктерімен бөлісті.

ЕРТІС ҚАЛИЕВ, СЕМБАЙ ҚАЛИЕВТЫҢ ҰЛЫ

Мінезі өте жұмсақ болды. Кейде ойлаймын қалай соғысқан деп. Газеттерде батыр Сембаев деп жазылған. Әкейге қарап олай ойламайсың. Тәрбиелі, жұмсақ, патриот адам болды.

Сембай Қалиевтың ергілін насихаттау жолындап бірқатар шаралар атқарылған. Аудан орталығында ескерткіш мүсіні тұр.

Жанасыл Серікбол