Павлодар облысында аналар күні қарсаңында «Анаға тағзым» форумы ұйымдастырылды. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен аналар кеңесінің мүшелері, еріктілер қатысты. Шараға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет аналарға алғыс айту күні тойланады. Аталған мереке биыл 12 мамырға түсті. Осыған орай Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық форумы өтті.

АЙЗАДА ҚҰРМАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, маңыздылғын арттыруға ықпал етеді. Еренкшелігін жақсы түсінеміз. Мемлекет басшысы анасын ардақтаған асыл қасиет деп атап өткен.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні бір бөлек мейрам. Ал, мамырдың екінші жексенбісінде атап өтілетін аналарға алғыс айту күні енді басқа деңгей мен дәрежеге жетеді деп сенеміз. Себебі, барлық жақсылық пен бақыттың бастауы анадан басталады.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Қазақстан халқы Ассамлеясының аналар кеңесі қоғамдық бірлік пен татулықты нығайтуға мектепке айналып, жұмыс атқаруда. Аналар кеңесі медиация саласында өзін көрсете білді.

Осы ретте, Ел анасы Бақытжамал Шаханқызы алдымен су тасқыны кезінде бірлесе жұмыс жасаған еріктілерге ерекше алғысын білдірді. Жастарға сенім артып, арнайы марапатын да ұсынды. Ал Зара Қабдешқызының құрметіне берілетін «Дара жол» төс белгісін Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Кимға берді.

ВЕРА КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Расымен біз өз әйелдерімізбен, аналарымызбен мақтана аламыз. Себебі олар түрлі салада жетістікке жетіп, қуантып отыр. Бүгін өте керемет шара. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Қай замандарда болсын ана мен әйелдің рөлі қоғамда маңызды.

Одан бөлек, форум барысында ана мен балаға қолұшын беретін дағдарыс орталықтары, қорлар сөз алды.

САЛТАНАТ СЫПАТИЛОВА, «АНА ҮЙІ» ҚҚ ӨКІЛІ

Мен қордың жұмысы жайлы айтамын. «Ана үйі» қоғамдық қоры 10 жыл жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде біз 7000 баланың балалар үйіне түспей, анасымен қалуына көмектестік. Еліміз бойынша барлық облыстарда ана үйі бар. Біз аналар мен балаларға әлеуметтік, заңды, психологиялық түрде көмек береміз. Қазір Павлодардағы орталықта 9 ана мен 12 бала бар.

Одан бөлек, форум аясында ана мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек, жәрдемақылар туралы да айтылды. Естеріңізге салайық, 12 мамыр елімізде алғаш рет анаға алғыс айту күні атап өтіледі.

Самал Қалиқызы