Облыс аумағында «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу жиынын бастады. Шараның мақсаты мен барысы туралы толығырақ тілшіміз баяндайды.

Шараның мақсаты – аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға дайындығын пысықтау. Оқу-жаттығу жиынына барлығы 20-дан аса маман мен 2 патрульдік автокөлік жұмылдырылған.

ЕРЖАН МҰСАБЕКОВ, 99225 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ

«Бекет-2024» оқу-жаттығуы аясында полиция департаментімен бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. Бұл шара барысында Омбы-Павлодар тас жолында блокпост қойылды. 99225 әскери бөлімі жеке құрамға демалыс орындары, фильтрация аймағы, сондай-ақ медициналық пункт бар. Блокпосттың басты мақсаты – алдымен, көліктерді тексеру, кейін, қажет болған жағдайда, орналасқан пункттер іске қосылады.

Оқу-жаттығу шынайы жағдайларға барынша ұқсас шараларды қамтиды. Сол себепті мамандар тұрғындарды автокөлік пен халық қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, тек ресми ақпаратқа сену қажет.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА