Достық үйінде «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты конференция өтті. Жиынға қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен діни тәрбиенің сабақтастығы жайында ойларын ортаға салды. Толығырақ – келесі сюжетте.

2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияланған. Осы бағытта бірқатар шара атқарылып жатыр. Бүгін «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің бастамасы мен Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің қолдауымен конференция өтті. Онда дін мен дәстүрдің сабақтастығына байланысты мәселелер талқыланды.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ҚМДБ-НЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМЫ

Біздің міндетіміз ... дін қызметкерлері болсын, діндарлар болсын, әжелер болсын, ақсақал-қариялар болсын, жастар болсын – бәріміздің мақсатымыз – осындай жат ағымдардан сақтандыру. Ол үшін, әрине, біз өзіміздің кім екенімізді түсінуіміз керек және өзіміздің дінмен бірге дәстүрді бірге алып жүретін болсақ, нұрдың үстіне нұр болады.

Конференцияға қатысқан жастар да аға буынның ұлағатты сөзінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, өзгелерді дәстүр мен дінді дұрыс түсініп, сабақтастыра білуге шақырды.

Қорытындыға – АЙМАН МҰҚАРАМ, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ МҮШЕСІ

Осы конференцияда талқылынатын тақырып өте өзекті. Қазіргі таңда біздің бұрыннан келе жатқан дәстүрлеріміз арқылы, соның ішіне дінді кіргізе отырып, балаларды, жастарды сыпайылыққа, ізеттілікке, Яғни имандылыққа тәрбиелеу және оны дұрыс дәріптей білуге түсіндіру және де жастардың бойында қалыптастыру деуге болады.

Жиынға қала мектептері мен медресе шәкірттері, колледж студенттері ұстаздарымен бірге жиналды. Олар да бұл мәселе бойынша пікірлерімен бөлісті.

МЕЙІРЖАН ПАРШЫНБАЕВ, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТТЫҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Баяндамамыз арқылы, біз қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүр-салты ежелгі балбаларымз ұстанған әдет-ғұрыппен ұштасатынын, бір-бірімен егіз ұғым екенін дәлелдеп, соны көрсету – адасушылық жолдан барынша алыстату.

Дін мен дәстүрдің үндестігін сақтау – үлкен міндет. Конференцияға қатысушылар да осы екі қазынаны қастерлеп, ата-бабалар аманатына адал болу қажет екенін айқындады.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА