Биыл көктемгі дала жұмыстары 1 млн 657 мың гектар алқапта өтеді. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 мың гектарға көп. Шаруалар биыл бидай алқабын сәл қысқартып, әлеуметтік маңызы бар сұранысқа орай майлы дақылдар алқабын ұлғайтқан.

Шаруалар мамыр айының басында егіс алқаптарын өңдеп, тұқым себу жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта 1 млн 657 мың гектардың 130 мыңға жуық гектарына тұқым себілген. Бұл жоспардың 8 пайызы. Осы уақытқа дейін 52 мың гектарға бидай, 53 500 гектарға майлы дақылдар, 7 мың гектарға картоп егілген.

ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Көкеністер 2 мың гектар және бақша дақылдары мың жарым гектарға егілді. 74 мың тонна тұқым себілді. Толыққанды 100 пайыз экспертизадан өтті. Құрғақшыққа немесе өсу барысы туралы сараптамалар алынды.

Сонымен қатар, биылғы егіс науқанына минералды тыңайтқыштардың қажеттілігі 94 мың тоннаға жетіп отыр. Оның 16 мың тоннасы қазіргі уақытта облысқа жеткізілген. Мамандар техникалар да 100 пайыз дайын деп отыр. Бұдан бөлек, шаруаларды субсидиялауға 5,9 млрд теңге бөлінген.

ЕРҒАНАТ ӘУБӘКІР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Оның 2,5 млрд теңгесін ауыл шаруалышығы тауарын өндірушілерге толыққанды төледік. Сонымен қатар, ауыл шаруашығы тауарларын кредиттеу бойынша «Бәйтерек» ұлттық АҚ 10,5 млрд теңге қаражат бөліп отыр. Шаруалар «Кең дала», «Агро бизнес» сияқты бағдарламалар арқылы ала алады. Қазіргі уақытта 200 ден астам кредиттеу өтінімдері қаралды.

Өтінімдер легі бұл ғана емес. Биылғы дала жұмыстарына 25 мың тонна арзандатылған дизельді отынға керектігі нақтыланған. Қазір оның 22 мың тоннасына келісімшарт жасалыпты. 11 мың тоннасы шаруаларға жеткізілген. Жалпы биылғы егіс науқанын 2-маусымға дейін толыққанды аяқтау жоспарланған.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА