Өңірде «Бекет-2024» оқу-жаттығуы басталды. Оның аясында дағдарыстық жағдайларды еңсеру басты назарға алынған. Экранға зер салайық.

Күш құрылымдары әр уақытта сақадай сай болып, шұғыл әрекет етуін тиіс. «Бекет» жиыны барысында олар кез-келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әзір екенін көрсетті.

ЕРМАН ИМАНҒАЛИЕВ, ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫЛДЫРУ-ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Сигнал түскен кезде әрбір мемлекеттік орган өз функциялары мен міндеттерін орындайды. Павлодар облысының қорғаныс істері департаменті мен жергілікті басқару органдарының міндетіне әскери бөлімдерді, сондай-ақ облыс аумағында және одан тыс жерлерде арнайы мемлекеттік органдарды жасақтау үшін адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу болып табылады.

Оқу жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға шақырады.

Қымбат Садық, Евгений Олейник, ЕА