Шөп безгегі немесе басқаша айтқанда, маусымдық тозаң аллергиясы. Бұл құбылыс тұрмыста өте жиі кездеседі. Бірақ тұрғындар маусымдық аллергияны әдетте тұмаумен жиі шатастырады. Ол қай айларда өршиді? Тілшімі маусымдық аллергияны ұқсас аурулардан қалай ажыратуға болатынын және емделмеген жағдайда не болатынын айтып береді.

Көктем-жаз маусымы аллергиядан зардап шегетін жандар үшін ең қиын кезең. Көптеген зерттеулерге сәйкес, планетаның әрбір төртінші тұрғыны белгілі бір өсімдіктердің гүлдену кезеңінде әсіресе сезімтал шырышты қабықтың маусымдық қабыну ауруынан зардап шегеді.

АҚМАРАЛ ҚОЖАНОВА, «СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Мұрынның шырышты қабығының инфекциялық емес, спецификалық емес қабынуы, ол түшкіру, мұрын бітелу, жөтел, көздің қышуы, сонымен қатар мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы. Бұл адамның өмір сүру сапасына әсер ететін өте ауыр жағдай.

Кейбір адамдарды мұрынның сулануы, қышуы, көзден жас ағуы анда-санда ғана болуы мүмкін. Маңызды жағдай емес сияқты да көрінеді. Алайда, оған мән бермеуге болмайды. Бұндай белгілерде шөп безгегі немесе басқаша айтқанда, тозаңдық аллергияның қауіпі жоғары. Кейін ол асқынып бронх демікпесін тудыруы мүмкін. Аурудың алғашқы белгілегі байқалған сәттен бастап аллергологқа барып, оның барлық ұсыныстарын орындау керек.

АҚМАРАЛ ҚОЖАНОВА, «СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Егер емделмесеңіз, ол неғұрлым ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Бронхтың жоғары сезімталдығына немесе бронх демікпесіне айналуы мүмкін. Өзге де тыныс ауруларына әкелу мүмкіндігі жоғары.

Алдын-алу - аллегргияның ең басты емі болып саналады. Және ең сенімді әрі қарапайым әдіс. Ең әуелі, тозаңнан алыс жүру керек, сондай-ақ, тозаңның көздің және тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарымен жанасуын болдырмау керек.

АҚМАРАЛ ҚОЖАНОВА, «СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Аллергиямен ауыртын адам тозаңдану кезінде сыртқа шықпағаны жөн. Бөлме ауасын таза ұстау керек. Өзге де аллергияға күдікті адамен байланыспау керек.

Сарапшылар жылдан жылға аллергиядан зардап шегетін адамдар саны артып келетіндігін айтады. Көбінесе қала тұрғындары тым сезімтал. Мамандар кез-келген жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтындығын ескертеді.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ВЕГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА