Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка драма театры премьераға қызу дайындалып жатыр. «Шәмші» спектакль-концерті 28 мамырда көпшілікке жол тартады. Театрдағы басқа да жаңалықтар жайлы келесі сюжетте.

Биыл Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы атап өтіледі. Осыған орай облыстық қазақ музыка драма театры үлкен республикалық фестиваль өткізбекші. Қыркүйек айының 20-25 аралығында аталмыш шара біздің өңірде өтеді.

АРМАН ТЕМІРБЕК, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Оған енді бір 10 театр қатысады деп жоспарлануда. Әзірге маусымның 15-іге өтінімдерді қабылдаймыз. Сол себепті қазір дайындық үстіндеміз.

Фестивальға соңғы бір жыл ішіндегі спектакльдер алынады.Оның мақсаты үздік қойылымдарды жинау, іріктеу. Одан бөлек, мамыр айының соңында Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық драма театрында премьера болады. Онда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген спектакль-концерт көпшілікке жол тартады.

ӘДІЛЕТ АҚАНОВ, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Өзіміз жазуға кірістік. Мен содан кейін сахналарды ойлап, оркестріміз бар, дирижеріміз бар. 28-29 премьерасы болады. Халық бағасын бере жатады деп ойлаймын.

НҰРКЕН ТҰРЛЫБЕК, Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Шәмшіде де өз заманында бағаланбай кетті. Неге оны түсіне алмадық. Шәмшінің ішкі ойын, көзқарасын бергіміз келді. Фильмдер мен спекталкьдерді қарап шықтық. Көркемдеп жазып шықтық.

Айта кетейік, «Шәмші» спектакль-концертінің премьерасы 28-29 мамыры күні өтеді.

Самал Қалиқызы