Спорт жолы – ел даңқын шығарар сара жол. Қиындығы мол, қажырлы еңбекті қажет етеді. Ал, екібастұздық жасөспірімдер осы жолдың биігін қазіргі уақыттан бастап бағындыруда.

Спорт әлемінің биігіне жетсем деп тер төгіп жүрген жандардың бірі – София Змазнева. Ол күрес өнерімен 7 жасынан бері айналысып келеді. Қазіргі уақытта өз жасындағы балуандар арасында Қазақстанның алты дүркін чемпионы. Азия чемпионатының күміс және қола жүлдесін де қанжығалаған. Әлем ечмпионатының қатысушысы.

Камила Абекова да өз салмағы мен жасы бойынша Қазақстанның жеңімпазы. Ол да спортқа ерте жастан келген. Алдымен дзюдо спортымен шұғылданған.

Спортшылардың армандары асқақ. Амандық болса, Олимп шыңын бағындырамыз деген мақсаттары бар. Ол үшін тынбай еңбектену қажет екендігін жақсы түсінеді.

Жанасыл Серікбол