Тереңкөлден кейін өңір басшысының жұмыс сапары Железин ауданында жалғасты. Ауданда көктемгі дала жұмыстары 15 мамырда басталған. 5 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланған. Облыс әкімінің сапары жайында тілшіміз толықтырсын.

Дәл қазір дән себу жұмыстарының қызған сәті. Қыс қамын жаз ойла демекші шаруалар алқаптарда егін, жем шөп, көкөністермен дәнді дақылдар егуде. Железин ауданыда егіс аумағы 213 500 гектар жер. Науқанның орындалу барысын аудан әкімі Айтуған Шайхимов айтты.

АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Күнбағыс өзінің төзімділігін көрсетті. Диқандар биыл 50 мың гектарға ұлғайтып отыр. Картоп 200 гектар ұлғайды. 21 мың тонна тұқым дайындалған. Шамасынша дайындап жатыр.

Мемлекет басшысы тарапынан егістік алқаптарын әртараптандыру міндеті қойылғаны белгілі. Осыған орай биыл Железин ауданы шаруалары майлы дақылдар түрлерін көбірек өсіруді қолға алыпты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы егістіктерде 50 пайыз жұмыстар жүргізілген. Қалған 50 пайызы маусымның 5-6 сі аяқталады деп көзделген. Жалпы Железин ауданы бойынша айтатын болсақ 275 мыңға жуық егістік жерлер оның басты бөлігі бидай. Тереңкөл мен Железиннің ерекшелігі майлы дақылдар да дамып келе жатыр. Күнбағыс, бар оның ішінде Майлы дақылдарға басты назар аударып отырмыз. Өйткені Нарықтық бағасы да жоғары және пайдасы да жоғары.

Айта кетейік аудан диқаншылары қаржы ұйымдарынан 1,5 миллиард теңге несие алған. Сол арқылы ісін дөңгелетіп келеді. Бұдан бөлек ауданда өзге де жобалар іске асуда. 4,5 млрд. теңгеге 90-ға жуық бастама қолға алынған. Прииртышск ауылында мектеп күрделі жөнделуде. Бұған қоса, мәдениет үйі, ауылішілік жол жаңартылады. Бұған қоса, келешекте аудан басында 24 пәтерлі үй бой көтермек.

Үйдің құрылысы 20 мамырда басталған. Мердігер нысанды 1 қыркүйекте аяқтауды көздеп отыр. Айта кетейік, қазір тұрғын үй кезегінде 206 адам тұр. Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарын қорытындылай келе қойылған міндеттерді

уақытында орындауды тапсырды.

Өңір басшысы алдағы күндері Ертіс, Ақтоғай аудандарына және Ақсу ауылдық аймағын баруды жоспарлап отыр.