Павлодар облысында 4322 мың түлек мектепті аяқтайды. Биыл соңғы қоңырау салтанатында қандай қауіпсіздік шаралары сақталады? Брифинг барысында айтылды.

Бүгінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 110 мыңнан астам оқушы білім алады. Олар үшін 24 мамырда «Білім-Отаныма» атты республикалық бірыңғай сынып сағаты, ал 25 мамырда түлектерге арналған соңғы қоңырау салтанаты өтеді. Іс-шаралар тек мектеп қабырғасында немесе оның аумағында болуы тиіс.

РОЗА АҚАНОВА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мерекелік іс-шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға тыйым салынады. Бұдан басқа, мерекелік түскі астарды ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойынша экскурсиялар жүргізуге, әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлық ретінде қаражат жинауға жол берілмейді. Салтанатты іс-шараны бақылау және өткізу үшін жауапкершілік ұйым басшыларына, білім бөлімдерінің, облыстардың білім басқармасының басшыларына жүктеледі

Соңғы қоңырау кезінде түлектердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында әрбір оқу орнына білім бөлімі мен полиция басқармасының қызметкерлері бекітілді. Патрульдік нарядтар мен білім бөлімінің қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін, халық көп жиналатын орындарда болмақ.

БИБІГҮЛ ҚАМЗИНА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Мектептердегі "Соңғы қоңырау" аяқталғаннан кейін көптеген түлектердің іс-шараларды өз бетінше жалғастыруын алдын алу мақсатында күшейтілген рейд жүреді. Оның аясында, мектеп бітіруші сыныптардың және кәмелетке толмағандардың ойын-сауық, қоғамдық орындарына баруын қадағалайды. Білім бөлімінің мамандарымен түнде көшелерде тәртіп қатаң қадағаланады

Білім басқармасының ақпаратынша, педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан соңғы қоңырау мерекесін өткізу үшін ақша жинауға тыйым салынады.

РОЗА АҚАНОВА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Егер мұндай жағдалар орын алса ата-аналар білім бөлімінің 65-00-60 немесе 8707 491 64 05 сенім телефондары хабарласуына болады. Қандай да бір фактпен анонимді түрде қоңырау шалуға болады. Бірақ, мектептің атауын міндетті түрде айту керек. Сол бойынша тиісті шараларды қолданатын боламыз

Әрине, салтанатты шара әр түлек үшін есте қалатын, көңілді мереке. Бірақ, түрлі қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін әр баланың қауіпсіздігі қай кезде де маңызды.

Қымбат Садық