Елімізде азаматтық авиация, теміржол, көлік саласында 10 мыңға жуық маман жетіспейді. Ал, қазавтожолдықтар облыс төңірегінде 1500 адам тапшы екенін хабарлады. Сондықтан түлектердің осы мамандықтарды таңдағаны маңызды.
Қаламыздағы Аманжол Шәмкенов атындағы мектептің базасында 9-11 сынып оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Мамандық таңдау алдында тұрған түлектер үшін «Көлік әлемінде» тақырыбында жиын өтті. Онда оқушыларға техникалық, жол мамандықтарының еліміз үшін маңыздылығы түсіндірілді.
ҒАЛЫМЖАН БАЙСЕЙІТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТРАНСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгін Павлодар облысы, қаласы бойынша оқушыларды жинап арнайы алаңға жинап көлік саласындағы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Осы кездесу барысында нәтижесінде оқушылар өзінің саласын көлік саласымен байланыстарыда деп сенеміз.
Қазіргі уақытта елімізде көлік саласы бойынша яғни азаматтық авиация, теміржол, автокөлік саласында 9800 адам жетіспейді. Осыған байланысты көлік министрлігінің тапсырамасына сәйкес мектеп түлектерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, Павлодар облысы бойынша жол жөндейтін біліктілігі жоғары 1500 мың адам тапшы көрінеді.
Айта кетейік, елімізде 9 университет жол мамандарын даярлайды. Ал мектеп оқушылары көбінесе мұғалім, айти саласын таңдайды екен.
ДІЛНАЗ ҚАЙРОЛЛА, №7 МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бүгін ашық есіктер күніне келіп отырмыз. Онда мұғалімдер, профессорлар жолдар жүретін техника мамандығын таныстырып жатыр. Өзім болашақ журналистпін, техникада жұмыс істейтін мамандар қажет етеді деп ойлаймын.
НАЗЕРКЕ ЖҰМАҒҰЛОВА, №24 МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Менің болашақ мамандығым мұғалім. Бізге техника саласындағы мамандықтар қажет. Себебі өндіріс саласы, осы салада білім алатындаға өте қажет болып саналады.
Ашық есік күнінде түлектерге бортсерік, пилот, жол жөндеуші, транспортшы, теміржолшы мамандықтарының қаншалықты бізге қажеттігі екені айтылды. Себебі логистика саласы дамушы елдің негізгі қозғаушы күші
Самал Қалиқызы