Облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан Гүлбарам Наурызбаева биыл мерейтойын атап өтеді. 35 жылдан астам өмірін өңірдің дамуына арнаған Гүлбарам Әуезханқызы қызметіне деген адалдығымен, адамдығымен көптің есінде.

Павлодар облысының білім беру, әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтардың бірі Гүлбарам Наурызбаева. Ол 1975 жылы Павлодар педагогикалық институтын "Орта мектептің математика мұғалімі" мамандығы бойынша, 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономист-заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын қала мектептерінде ұстаздықтан бастады. Кейін комсомолдық жұмыстарға араласты. Ал 1984 жылдан бастап партия қызметіне келді.

ӘБІЛХАҚ ТҮГЕЛБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

Келген адамдар Мүбәрәк Жаманбалинов Айтжан Бәдәуханов болды. Екеуі де журналистикада орны бар ерекше адамдар. Сонда Гүлбарамды ерекше айтып отырды. Осылай біздің Ертіс ауданын білесің ғой, басқа ұлттың адамдары. Сондықтан біздің халық өкілдерін мойындай қоймайды. Сонда бізге қазақтың қызы келді деді. Өжет қыз деді. Бәрін біледі. Сол райкомның екінші хатшысы болып бірсыпыра істеді.

Гүлбарам Әуезханқызы қай істі қолға алса да нәтижелі ете білді. Жылдар бойы тынбай, саналы ғұмырын адал, жауапты жұмыс істеуге арнады. Балалар құқықтарын қорғау саласында әр баламен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, өмірлеріне бейжай қарамаған.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Ата ананың қамқорлығынсыз алған интернатта директор болып жүргенде бұл кісі балалар құқығын қорғау департаментінде істеді. Ол әрбір оқушыны білді. Жағдайын біліп отырды. Осы сол интернаттан кеткен балалардың үй алған кезінде де көмек көрсетті.

Жалпы Гүлбарам Әуезханқызының еңбек өтілі 35 жылдан асады. Оның ішінде Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды. Қазақстан Халқы Ассамблеясында біраз жыл тер төкті. Оның арасында облыстық Ертіс телеарнасында жұмыс жасады. Басшылыққа өңірдің басты арнасының ең қиын шағында келген ол оң өзгерістер енгізді. 1998 жылы телерадиокорпорацияның қаржылық, материалдық-техникалық жағдайын жақсартты. Осылайша көптеген шығармашылық жоспарлар жүзеге аса бастады. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де Павлодар қаласы мен облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысты.

ҚОРАБАЙ ШӘКІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ертіс ауданында бірінші хатшы болып қызметке ауысты. 43 мың халқы Ертіс деп аталатын. Үлкен аудан болатын. Мыңдаған механизаторлар еңбек ететін, егіс науқаны кезінде кімнің озат көрсеткіштерген жеткені көрсетіліп тұратын.

2013 жылдан бастап Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болды. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық кеңестің әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы да болды. Кімнен сұрасаң да Гүлбарам Әуезханқызының жақсы қасиеттерін тізбектеп береді. Қызметіне деген адалдығынан бір бөлек кейіпкеріміз ашық мінезді, бетке тіке айтатын қасиетін көбі біледі.

Нұржан Әшімбетов

Біздің әкеймен Кемер Әшірбековпен бірге Павлодар ауданында бірге еңбек жасады. Біз есейгеннен кейін араласып жүрдік. Бір компанияда жұмыс жасадық. Өте іскер азамат, білімді, мықты қасиеттері бар.

Гүлбарам Әуезханқызы биыл мерейлі 70 жасқа толып отыр. Еңбегі еленіп осы уақыт ішінде «Ыбырай Алтынсарин», «Астанаға 10» жыл» , «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» орай төс белгілерімен марапатталды. Осы ретте кейіпкерімізді мерейтойымен құттықтап, ұзақ әрі мәнді-мағыналы ғұмыр кешуді тілеймін.

Самал Қалиқызы