Қазір қала маңындағы саяжайлар жұмысы қызған кез. Бұл орайда ондағы қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шығады. Өйткені, өзгенің мүлкін ұрлау фактісі де саяжай аумақтарында көптеп тіркеледі. Сонымен қатар, ондағы өрт қауіпсіздігі де өзекті болып тұр.

Сондықтан, Полиция және төтенше жағдайлар депратаменті бірлескен реид өткізді. Бірнеше жылдан бері саяжай аумақтарын атты патруль қарауылдайды. Жасақ құрамында 20 ат және онға жуық полицей шабандоз бар.

АРМАН ҚАПТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Көктем және жазғы күндері құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткіні салатын адамдарды ұстау бойынша жұмысты жасайды. Екі ауысым бойынша жүргізіледі бізде

Атты жасақ арқалаған міндет ауыр. Саяжайлардың бұралаң жолдары мен адам аяғы бара бермейтін түкпірлері атты полицейлердің межесі.

Реидке төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері де қатысты. Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өрт шығарып, өзге де тұтануларға жол берген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жанасыл Серікбол