Павлодар облысында алғаш рет ономастика саласымен айналысатын мамандарды ынталандыру, заңнамалық актілерді пысықтау мақсатында конкурс ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Соңғы кезде ономастика саласына баса назар аударылып келеді. Өңірімізде де бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар жетерлік. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы осы істердің басы-қасында жүрген азаматтардың басын қосып, конкурс ұйымдастырды.
СӘДУАҚАС САЯУЫШ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізі бірінші кезеңде нормативтік құқықтық актілер. Құқытық салаға байланысты. Одан кейін тарихи тұлғаларға қатысты кезеңдер. Барысын көреміз. Мүмкін келесі жылдарға тапсырмаларды өзгертерміз.
Қатысушыларды әділ-қазы алқалары қатарындағы тіл мамандарды, журналистер бағалады. Павлодар облысының қала мен аудандарынан 13 адам сайысқа түсіп, бағын сынады. Олардың барлығы жергілікті органдарда осы салада еңбек етіп жүрген мамандар.
МЕЙРАМ НҰҒМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Сол 2014 жылдан бастап қалада қаланың көшелерін ауыстыру, мекемелерге ат қою, ауылдар атауын қайта атау жұмыстарымен айналысып келеміз. Сол 15 жылдан бастап 1 ауыл өзгертілді, қаланың 37 көшесі, 5 ауылдың 125 көшесі адамдардың құрметіне дәстүрлі атауларға ауыстырылды.
Айта кетейік, «Ұлттық ономастика – ел айнасы» конкурсы биыл алғаш рет ұйымдастырлып отыр. Мақсаты ономастика саласындағы мамандарды ынталандыру, заңнамалық актілерді пысықтау.
Самал Қалиқызы