Биыл қазақ халқының мақтанышы, әлем мойындаған тұлға, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай Павлодар облысының шығармашыл жастарынан жасақталған экспедиция жолға шықты.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтой аясында «Шаңырақ» облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Қаныштың ізімен» атты экспедиция өтпек. Шараға өңіріміздің белді өнерпаздары қатысады.

ЗАМИРА СОЛТАНОВА, «ШАҢЫРАҚ» ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-САУЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Экспедиция құрамында мәдениет өнер, әдебиет, ғылым салаларында енбек етіп келе жатқан 35 жасқа дейінгі жастар қамтылған. экспидиция 27 мамыр күні жолға шығады. Экспедиция Қ.И.Сәтбаевтың ғұмырнамасында маңызды рөл атқарған Ұлытау облысына облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Қарсақбай, Жезді елді мекендерінде болады

Қатысушылар Қарсақбай ауылындағы академик Қаныш Сәтбаевтың музей-үйіне және Жезді кентінде Тау-кен және барлау ісі тарихи музейіне, Жезқазған қаласында академик.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейге ат басын тіремек.

МҰЗАФАР БОЛАТБЕК, ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕСІ

Ертіс-Баян өңірінен шыққан тарихи тұлғаларымызды ұлықтау Қаныш Имантайұлының мұрасын дәріптеу, санамызға жаңғыртып тарихымызға мәңгілік ету, бұл болашақ ұрпақ үшін біз үшін үлкен борышымыз

Айта кетейік, Экспедиция далалық жағдайда өтеді. 27 мамырда Қарсақбай ауылында, 28 мамырда Жезқазған қаласында қону қалашығы ұйымдастырылады.

Байтұрсын Жұмабай