Облыс орталығында «Бірлік» жекпе- жек сарайында фестивалі ұйымдастырылды. Онда өңіріміздің қала аудандарынан келген жас қатысушылар спорттың 18 түрінен өнер көрсетті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Фестиваль 1- маусым балалар құқықтарын қорғау күніне орайластырылды. Жеткіншектер жылдар бойы машықтанып, үйренген жаттығуларын көрермендер мен әділқазы алқасы мүшелеріне көрсетті. Қатысушылар Дзюдо, бокс, самбо, муай тай және кикбоксинг спорт түрлері ережелерін ортаға салды.

МАРАТ СМАҒҰЛОВ, «БІРЛІК» ЖЕКПЕ-ЖЕК КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгін 18 жекпе жек түрлерінен осында өте жақсы нәтеже көрсетіп жатыр. Мұнда олимпиада түрлері ұлттық спорт түрлерін көрсетіп жатырмыз. Өте әдемі, жақсы өтіп жатыр оқиға. Ең бірінші мақсаты қойылған осында популизация жекпе жек түрлерін.

Ұйымдастырушылар фестивальді жыл сайын өткізуде көздеп отыр. Аталған шараның қатысушысы Нұрхан Балташ Май ауданынан келді. Салтанатты көрсетілімде ол бірнеше спорт түрі бойынша жаттығу көрсетті.

НҰРХАН БАЛТАШ, ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫСЫ

Осы выступлениеге біз жұма бойы дайындалдық. Бұл біз Тайский бокстың Вайкруг деген биін көрсетеміз. Бой с тенью тағы да комбинацияларды парада жұмыс істеп. Тайский бокспен айланысып жүргеніме 2 жыл болды. Күрестен көрі, төбелескім келді.

Фестиваль қорытындысы бойынша жаттықтырушылар марапатқа ие болды. Айта кетейік, бұндай спорттық көрсетілімді жеткіншектер жаз айларында «Променад» сахнасында көрсетпек.

Әйгерім Тоқпанқызы, Анастасия Ерш