Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ақтоғай ауданы жұртшылығымен кесдесті. Жиын аясында Ұлттық құрылтайдың мәні мен маңызы, ұлттық идеология және мемлекет іргесін одан әрі нығайту мәселері жөнінде ой-пікір айтылды.

Қоғамда ұлттық идеологияның әлсіз екендігін жиі айтылады. Тұтас мемлекетті қалыптастырып отырған негізгі ой мен идея не деген сұрақ қойылады. Ол- мемлекеттің терең тарихы мен елдік дәстүрдің мазмұнға бай игі ісі деді президент кеңесшісі. Ұлттық құрылтай осы елдік дәстүрді қайта түлету жолындағы үрдіс.

Жиын аясында аудан жұртшылығы да өз ойларын ортаға салды. Ел болу жолындағы пікірлерін ұсынды. Ауданның басты түйткілдеріне де тоқталды. Мемлекекет басшысының жаңа қоғамға ұсынып отырған идеологиялық бағыттарын қолдайтындықтарын жеткізді.

Президент тарихи және ұрпақтар арасындағы сабақтастық жөнінде де жиі айтады. Ақтоғай жұртшылығы да осы ұстанымға сай көш түзеп келеді.

Жиын әділдік орнатып, сабақтастықты сақтап, өрлеу жолына түскен елдің болашағы жарқын деген ойды қорытындылады.

Жанасыл Серікбол