Ижевскіден келген ресейлік іздеушілер Ленинград облысының жанындағы экспедициядан Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің жеке заттарын тапты. Табылған заттар Омбы облысының тумасы Төкен Мендышевке тиесілі екендігі анықталды. Біздің өңірден оның туыстары табылды. Алдағы сюжеттен көрейік.
Төкен Мендышев ағасы Қайыргелді Мендышевпен бірге соғысқа аттанған. Соғыстан ағасы аман оралғанымен, туған бауырын жоғалтып алған.Қанша жылдар бойы үміті үзілмей, жан-жақтан іздестіргенімен бірде-бір хабар ала алмаған. Ал, осы жылдың 9 мамырында Ижевск қаласынан келген іздеушілер үлкен жұмыс жүргізіп, соғысқа қатысқан жауынгерді Ленинград облысынан табады. Кейін әлеуметтік желіде Төкен Мендышевтің суретін жариялағаннан кейін Павлодардан оның туыстары табылады. Қуанышты жаңалықтан кейін Ижевск, Омбы және Павлодар қалалары арасында телекөпір өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл байланысқа біздің арна тікелей қатысты.
Тікелей эфирге қатысқан жауынгердің туыстары қуанышты екендерін жеткізді. Бақыттың көз жасы да төгілді. Осындай сәтке Ертіс телеарнасы да куә болып, ұжым зор үлес қосты.
Қымбат Садық, Галина Трощева