Ел аумағында бір уақытта "Халық заңгері" атты ауқымды акция өтті. Науқан Павлодарда қолдау тапты. Оған заңгерлер, нотариус қызметркерлері мен тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Өңір тұрғындары заң өкілдеріне жүгініп, тұшымды жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Бір мезетте еліміздің құқық қорғау саласының қызметкерлері бас қосып тұрғындардың шағым арыздарын тыңдайды. Жауап айтып, кеңес береді.

АСҚАР СЕРҒАЗИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Республикалық акция аясында өткізіліп жатыр. Бүгін әділет департаменті қызметкерлерімен бірге адвокаттар, нотариустар заң кеңесшілері және жеке сот орындаушылар қатысып, жеке кеңес халыққа береді

Айта кетейік биыл ұйымдастырылған акцияға жергілікті әкімдік мұрындық болды. Сондықтан атқарушы орган қызметінің әрбір бағыты үшін консультация ұсынылды. Тұрғындар заңгер, нотариустар және коммуналдық қызмет мамандарына көптеп жүгінді.

"Халық заңгері" науқаны көптеген мәселелерді қамтыды. Айта кету керек, бұл акция тек кеңес беруді ғана емес, азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға септігін тигізбек.

Әйгерім Тоқпанқызы, Анастасия Ерш