Балаларды қорғау күні қарсаңында жас өрендер арасында командалық жарыс өтті. Онда балалар спорттық дайындақтарын кеңінен көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Кейінен дода мерекелік шараға ұласты. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.
Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстанып, кеңінен насихаттау ересектердің міндеті. Осы орайда «Динамо» спорт кешенінде «Динамо - Қазақстан балаларына» акциясы өтті. Оған полиция қызметкерлері де атсалысты.
АБАЙ МАМБЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ «ДИНАМО» ҚОҒАМЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Демеушілер, яғни Қазақстан Халық партиясы, мәдениет және спорт кәсіпорынының, және жеке демеушілер атынан балаларға спорттық имбиртирлар мен әртүрлі тәтті тағамдар табысталады.Құрметті балалар сіздерді балалар күнімен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарын ашық, деңдерін сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуға тілектеспін
Спорттық шараға өмірлік қиың жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы мен балабақша тәрбиеленушілері және қала мектептерінің оқушылары да қатысты. Жеткіншектер спорттың түр-түрінен жарысқа түсіп, командамен бақ сынады.
БИБЕГҮЛ ҚАМЗИНА, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Полиция департаментімен бірге Динамо спорт кешенінде мерекелік іс-шара жүргізілуде. Бұл жыл сайын өткізіледі. Басты мақсат - балалардың көңіл-күйін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады 01:15
Сонымен қатар шара жасөспірімдердің бос уақытын қамтып, заң бұзушылық пен нашақорлықтан алыс болуға да бағытталған. Бұл күні жас өрендер арнайы мамандардан өзің-өзі қорғау дағдылары мен жекпе-жек техникасын үйренді.
5 команда арасында өткен тартысты ойында достық жеңді. Бұл жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға қызмет етіп қана қоймай, ұйымшылдыққа үйретеді.
Қымбат Садық