Павлодарлықтар құймақтан уланды. Эпидемиологтар бұл бойынша тексерісті аяқтады. Нәтижесі қалай? Тілшіміз біліп келді.

Әлеуметтік желіде павлодарлық тұрғындар облыс орталығындағы белгілі кондитерлік желісінен құймақ алып, уланып қалғаны туралы шағым жазып, жариялаған. Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аталмыш факті бойынша тергеу ашып, тексеріс жүргізуде.

ӘЛИЯ СЕЙІТҚАЗИНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Департаментке улану бойынша төрт адам жүгінді. Олардың барлығы экобазар сауда желісінде сатылған ветчина, ірімшік, жұмыртқа мен тауық еті қосылған құймақ сатып алған. Нәтижесінде өздерін нашар сезінген. Осыған негізделіп санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспарсыз тексеріс бастады. Тексеру барысында санитарлық заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды .

Тексеріс нәтижесінде жеке кәсіпкерге және сапаны бақылау қызметкеріне әкімшілік жаза тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталғанға дейін улануға себепші болған құймақ өнімдерін жеткізу және сату дереу тоқтатылды.

Самал Қалиқызы