Павлодар - Ақсу тасжолының бойындағы жол апатынан екі оқушы қайтыс болды. Оқиға Ақсуға барар жолдағы Қарабай ауылының тұсында болған.

Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту 5 маусымда сағат 16.54-те түскені хабарлады. Павлодар-Ақсу тас жолында Қарабай ауылы аумағында скутер КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылып, тоғыз минутта оқиға орнына жетті.

Сол жерде дәрігерлер 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлаған. Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, алайда екінші жасөспірім де көз жұмған.