6 маусым - классикалық орыс әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Александр Пушкиннің туғанына 225 жыл толды. Пушкинді айтқанда қазақтың Абайын айтпай кетуге болмас. Қос ақын рухани жағынан туыстас болған еді.

Табиғатына тарта туатын аса дарынды адамдар әрқашан орайлас ой кешіп, бірін-бірі байытып, бірін-бірі толықтырып жататыны ғажайып. Абай мен Пушкин екі елді сабақтастырған, барша әлемге таныс тұлғалар. Ұлы ақын Абай Александр Пушкиннің шығармаларын қазақ халқына ерекше жеткізе алды.

Орыс ақының қазаққа танымал еткен Абай екендігі ешкімге жасырын емес. Қазақ ауыз әдебиетіне ден қойған орыс ақыны Пушкин де ұлтымыздың қасиеттерін дәріптей алды. Орыс халқының әйгілі ақынының 225 жылдығына орай облыстық кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

БАҚЫТЖАН БУКАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ АБОНЕМЕНТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Әрине, біздің жастарға Пушкин мен Абайды насихаттауымыз керек. Оларды оқып жүрген жастарымыз көп. Сонда да, болашақ, келешек ұрпақ үшін олардың шығармаларын біз әдеби кештер арқылы оқытып, өткізуіміз керек

Иә, екі халықтың поэзия алыптары - Абай Құнанбаев пен Александр Пушкинді бөліп-жармай, керісінше уақыт өткен сайын бірін-бірі толықтыра түсетін мұраларын жан-жақты сабақтастыра отырып, өмірдегі рухани қажеттілігімізге жарата білуіміз қажет.

Қымбат Садық