Павлодар облысында жыл басынан жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңінен 22 мың адам өтті. Осы ретте мемлекеттік кірістер департаментінде 15 қыркүйекке дейін кешіктірмей, декларация тапсыруға шақырады.

Мемлекеттік кірістер департаментінде павлодарлықтарды декларация тапсыруға шақырады. Облыста 250 формадағы декларацияны жалпы 48 мыңға жуық адам тапсыруы тиіс. Бірақ олардың жартысы ғана тиісті форманы толтырған.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бүгінгі таңда активтер мен міндемелерді тапсырған 22 мың адам, 270 нысандағы декларацияны 88 мың адам тапсырды. Павлодарлықтарды 15 қыркүйекті күтпей декларацияны тапсыруды ұсынамыз.

Айта кетейік, елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Ол бизнес өкілдерін қамтиды. Осы кезеңнің айырмашылығы декларация тапсыратын азаматтар тек шетелде орналасқан жылжитын, жылжымайтын мүлкін, көлік, активтер мен құнды қағаздар, авторлық құқықтарды қана көрсетеді. Қазір декларация тапсыру жеңілдетілген, күнделікті қолданатын мобильді қосымшалар арқылы да тапсыруға болады.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Мемлекеттік кірістер органдарында бару арқылы кеңес алуға болады. Павлодар облысы арқылы мемлекеттік кірістер департаментінде барлық видеолар бар. Қосымшалар да, е-салық, мобильді каспи, халық банктің қосымшаларында қарастырылған.

Сондай-ақ, 270 нысандағы декларацияны тапсыру да 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы