Өңірімізде жол жөндеу жұмысы қарқынды. Қазір Май ауданына шекаралас Курчатов қаласына апаратын жолға асфальт төселе басталды. Оның жұмысы барысымен облыстық мәслихат депутаттары танысты. Толығырақ тілші әңгімесінде.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Халық қалаулары Майск және Ақжар екі ортасындағы салынып жатқан тас жолдың сапасын тексерді. 2 жылдық жоба, сәуір айында басталды. Асфальт төсеу жұмыстары келер жылы аяқталады. Жоба құны 8 млрд теңге.

Бұл Май ауданында жөндеуді қажет еткен аумақтардың бірі. Ескі шұрық тесік магистрль орнына жаңасы төселмек. Бұған қоса, игілікті бағдарлама арқылы ауылдың 90 жуық тұрғыны екі қолға бір күрек тауып отыр. Сондай-ақ нысанда 40 бірлік техника жұмылдырылды.

АСХАТ ҚАНИЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Бүгінгі таңда Атамекен-Ақсу-Курчатов тас жолы жұмысын бастаудамыз. 195-200 км істеп жатырмыз қазір біз. Биыл бастадық. Аяқталу мерзімі 2025 жыл. Осы уақытқа дейін сәуір айынан бастап 2 ай ішінде 5 шақырым жер төсемін ауыстырдық. Қазіргі сәтте жер төсемінің үстінгі қабатында жұмыс істеп жатырмыз. Осыдан кейін щебенка төсеп, 2 слой асфальт.

Жол сапасы халықаралық талаптарға сай болмақ. Магистраль құрылысын мердігер ұйым екі жылда аяқтауды жоспарлаған.

АСХАТ ҚАНИЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Сапасы жағынан біз бірінші ескі қабатты шешіп алып, оның орнына жаңадан материла салып жатырмыз. Бұл жерде бірінші жер төсемі грунт дейміз ... одан кейін екі слой асфальт төселінеді

Жоба жетекшісі асфалт қалыңдығы 70 см болады деп айтты. Сондай-ақ жол кеңейеді. Ені 12 метрге дейін жетеді. Нысанды аралай келе халық қалаулары жұмысты сапалы, әрі барлық техникалық талаптарға сай орындауды тапсырды.

Әйгерім Тоқпанқызы