Бұдан кейін облыстық мәслихат депутаттары Май ауданы Қаратерек ауылында жөнделіп жатқан мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Қазір нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылға жаңа серпін әкелді. Халық игілігіне қажетті нысандар бой көтеріп, жөндеуден өтуде. Май ауданы, Қаратерек ауылында мәдениет үйін жаңарту жұмыстары наурыз айында басталған. Мемлекет қаржысына салынып ошақтың құрылысы барысымен халық қалаулары танысты. Тексеру барысында комиссия мүшелері төселген еденді сынға салды.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бір-бірімен келіспейді. Мынау кішкене мынау жоғары мынау төмен. Көзбен қараған кезде анау ортасында кейбір жері жіңішке кейбір жері .. қарағанда көзге көрініп тұр көбі. Барлығы бір уровеньде жату керек. .. осы уақытқа дейін көріп қарауыңыз керексіз ғой.

Мердігер анықталған кемшілікті жойып, кіре беріс еденді қайта төсейтінін жеткізді. Айта кетейін, мәдениет орталығы 90 жылдары бой көтерген. 700 ден аса тұрғыны бар ауылдың халқы бос уақытында мында келіп үйірмелерге қатысады.

Қазір мәдениет үйінің сахнасы, үйірме кабинеттері мен ғимаратты сыртқы әрлеу жұмыстары өтуде. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы