Жасыбай көлінің жағасы туристерді қабылдауға дайын. Алдағы сенбі, 15 маусымнан бастап демалыс аймағында жазғы туристік кезең ашылады.
Баянауыл курорттық аймағында 50 –ден туристік нысан жұмыс істейді.
Баянауыл – еліміздің інжу маржаны. Ұлттық парк демалушыларды қабылдауға дайын. Биылғы маусымда 5 мың адам демала алатын 50-ден аса туристік нысан демалушыларды қабылдайды. Таулы өлкеде 13 негізгі туристік маршрут және 68 көрнекі орын жұмыс істейді. Былтыр Жасыбай демалыс аймағына шамамен 120 мың адам келген. Павлодар облысы әкімдігінің ақпарынша, туристік саланы дамыту жөніндегі 2028 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы бекітілді. Онда 8,5 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны және 12,3 млрд теңгеге 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар көзделген. Бастама аясында Сабындыкөл көлінің жағалауы мен жағажайын қайта жаңарту, туристерге арналған музейі бар орталық салу. Бұған қоса ауданда дене шынықтыру-сауықтыру орталығын ашу көзделген. Келешекте аудан орталығында шаңғы-роллерлік трасса, шипажай салу, хостелі бар ірі заманауи жанармай құю стансасын тұрғызу сияқты жоспарлар да бар.
Әйгерім Тоқпанқызы