Атамекен кентінің оқушылары биылғы жазғы демалыстарын ерекше тақырыпта бастады. Олар лагерде ұлттық ойындар ойнап, мектеп алдына киіз үй тікті. Толығырақ тілші әңгімесінде!

Бұл оқу ошағы жанындағы жазғы лагерь ерекше, ұлттық стильде құрылып отыр. Балаларға салт-дәстүрлерді, еліміздің тарихын және рухани мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Жоба аясында балғындар ән шырқап өз өнерлерін көрсетті.

АЙНҰР АЖИКЕЕВА, №33 ЖОББМ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Жобамызға киіз үй кіргендіктен жалпы жұмыста балаларға ұлттық құндылықтарымызды таныстыру мақсатында үлкен іс шара ұйымдастырып отырмыз

Мектеп алдына киіз үй тігіліп балалар арқан тартып, асық атып ойнады. Ал ауыл үлкендері оқушыларға ақ баталарын беріп, ұлттық құндылықтарымыз туралы айтты.

БАҚЫТ МҮЛІКОВА, АТАМЕКЕН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Мектеп ұжымына көп рақмет. осылай балалардың ортасына келіп насихаттауға мүмкіншілік беріп отыр. Осындай қызықты жақсы ойын сауығын көрсетіп

Айта кетейік, қазір бұл лагерде 111 бала демалуда. Олардың уақыттарын қызықты өткізу мақсатында шығармашылық және өнер үйырмелері жұмыс істейді.

Байтұрсын Жұмабай