Железин ауылының Жолтаптық шағын ауылында Халықаралық орман волонтерлік мектебі шарасы өтті. Бұл жоба Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат» тұжырымдамасымен қалай байланысты екенін тілшіміз айтып береді.

Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Президент Қасым Жомарт Тоқаев «Адал азамат» идеясын қозғап, елімізде жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Халықаралық орман волонтерлік мектебінің негізгі лейтмотиві Президенттің идеяларын насихаттау. Железин ауданының Жолтаптық ауылы экологиялық акцияны өткізу үшін кездейсоқ таңдалмады. Белсенді, осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Алан Бесен осы ауылдың тумасы және оның болашағы оған маңызды.

 АЛАН БЕСЕН, «ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Өткен жылы Ресейде өткен Халықаралық форумға қатысып, онда экологияға қатысты мәселелер көтерілді, мен Қазақстанда бірнеше жылдан бері өрттер болып жатқанын айтып,Ресей тарапынан тәжірибе алмасуды сұрадым--Біз Жолтаптық аулынан халықтың саны азайып бара жатқандығына байланысты жабылу алдында тұрған ауыл туралы сигналдар аламыз. Орман отырғызу сияқты ынталандыру шаралыран басқа перспиктиваны көріп тұрғам жоқ. Мұнда ағаш өсіруге топыақ құнарлығы мүмкіндік береді. Тұрғындар да бған ынталы.

Қазақстанның экологиялық белсенділеріне арналған лагерь 5 маусымда басталды. Жолтаптық ауданында елдіміздің түкпір-түкпірінен келген балалар тек білім беру бағдарламасының өтіп қана қоймай, өз білімдерін іс жүзінде қолданды. Олар мыңнан астам ағаш отырғызды, оларды арамшөптерден, қоқыстардан тазартты, сонымен қатар дәріскерлер елдің орман қорын сақтау бойынша лекция оқыды. Мұндай көшпелі мектеп волонтерлері Қазақстанда ғана емес Қырғызстанда,Түркіменстан,Өзбекестанда да қатар өтеді.

РУНИЗА РИЗВАНОВА, «ЭКА ҚОЗҒАЛЫСЫ» ӨҢІРАРАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТА ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЛЕСТІРУШІСІ (РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ)

Біріншіден, бұл экологиялық білім беру - жергілікті экологиялық қауымдастықтарға қолдау көрсету. Бағдарлама арқылы біз жергілікті волонтерлерге ресейлік тәжірибемізбен бөлісеміз және сәйкесінше, біз де олардан үйренеміз. Бұл – экологиялық саладағы білім алмасу.

Бес күн бойы Қазақстанның экологиялық еріктілері орманда, киіз үйлерде тұрды. Мұндай жағдай оларға атмосфераға еніп, экологияға деген қызығушылықтарының артуына мүмкіндік берді. Қатысушылардың өздері атап өткендей, Халықаралық экологиялық волонтерлік мектепте алған тәжірибе баға жетпес құнды. Алған білімдерін өз Отанында қолдануды жоспарлап отыр.

АНАСТАСИЯ АРОН, ЕРІКТІ (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

Жобаға құрбымның кеңесімен келдім. Мүлдем өкінбедім, өзіме жаңа достар таптым. Келешекте еріктілер үшін орман дақылдарын өсіретін шағын питомник ашу көздеп отырмы. Экожүйені бірлесіп қалпына келтіреміз

Халықаралық орман шаруашылығы волонтерлік мектебінің ашылғанына өте қуаныштымын. Мен үшін үлкен мәртебе –Мен үшін бұл үлкен тәжірибе, ұмытылмас сәттерге толы болды. Қатысушылармен танысып, бірнеше жобаларға қатыса алдым.

Білім беру және тәжірибелік бағдарламасынан бөлек, Халықаралық орман шаруашылығы волонтерлік мектебіне қатысушылар өздерінің орман еріктілер командасын құру және дамыту үшін жол карталарын жасады. Ең белсенділері Ресейге Орман еріктілерінің мектебіне және Бүкілресейлік «Экопозитив» экологиялық сыйлығына шақырылады. Ал Жолтаптық ауылы үшін жоба Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастарға арналған жыл сайынғы іс-шараға айналуы мүмкін, онда «Адал азамат» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында жаңа қоғамдық этика практикалық түрде жүзеге аспақ.

Сабина Жолдаспаева, Валентина Леонова