Әрқайсымыздың жанымызға араша түсіп, деніміздің саулығын бақылап жүрген ақ халатты жандарға алғыс шексіз. Сондай ілтипатқа лайық, аймағымыздың үздік дәріггері жайлы тілшіміз айтып берсін.

 «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» - дәрігер үшін ең беделді марапат. Бұл белгі маманның жоғары біліктілігі мен мол тәжірибесін көрсетеді. Бұл марапат павлодарлық терапевт Сәуле Әбілдинқызына да тиесілі.

СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, ТЕРАПЕВТ

Дәрігер болуды бала кезімнен армандадым. Ағам аудандық ауруханада жұмыс істейтін. Сол жерге келгенде ақ халат киген адамдар ұнады. Олардың жұмысы ұнады….Эту мысль я вынашивала с детства, что буду врачом

Сәуле Сүлейменова Тереңкөл ауданының тумасы. Сол ауданда бір жыл жұмыс істеп, көптеген адамның өмірін сақтаған. Жалпы 40 жыл өмірін медицина саласына арнаған. Қазіргі уақытта номері үшінші емхананың күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі.

СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, ТЕРАПЕВТ

Әрине, дәрігер болу ең әуелі адамдарға медициналық тұрғыда көмектесу. Сонымен қатар, писхологиялық та жәрдем беру біздің міндетіміз. Өйткені, адамдармен жұмыс істейміз… ведь работаешь с людьми

КСМ: Денсаулықс ақтау саласының үздігі марапаты әрине биік марапат. Алайда, дәрігер үшңі ең биік мәртебе науқастардың ризашылығы.

СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА, ТЕРАПЕВТ

Науқас дәрігердің көмегіне риза болып, алғысын айтып шықса ең үлкен марапат сол. Бұл дәрігерлердің басты мақсаты…. это самая главная благодарность

Жас мамандар үшін Сәуле Әбілдинқызы – жақсы дос, дана тәлімгер. Олар әрқашан кеңес сұрайды. Сәуле Сүлейменова басқаратын терапевтік бөлімше павлодарлықтардан ыстық ықыласына бөленуде.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш