Павлодар облысында су шаруашылығы саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Осыған орай облыс әкімі Асайын Байханов саланың үздік мамандарын құттықтап, Ел Президентінің атынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.
Өңір басшысы су шаруашылығы қызметкерлеріне мамандыққа деген адалдықтары үшін алғысын білдірді. Сала мамандарының стратегиялық маңызды нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосып жатқанын атап өтті. Бұл салада мыңнан астам маман жұмыс істейді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жарты сағатқа су өшіп қалса, адамдар шу көтереді. Жағдайлары осылай қалыптасқанына шағымданады. Сондықтан бар нәрсені қолға алып, дұрыс қолданған ол бізге үлкен жұмыс. Сіздердің еңбектеріңізге алғыс білдереміз.
Өңірде 3,5 мың шақырымнан астам су құбыры желілері, жүзден астам сорғы станциялары және ондаған гидротехникалық құрылыстар жұмыс істейді. Осының арқасында облыс тұрғындарының 90%-дан астамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, суармалы жерлер тұрақты өнім беріп отыр.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мемлекетімізде осы су саласында талай жобалар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен жоқ деген де 28 су қоймалары құрылыстары жоспарланған. Оның ішінде көбінде оңтүстікте. Дегенмен де, бізде де ондай бір жоба бар. Оның үстіне суармалы жерлерді дамыту бағытында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.
Су шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін саланың ардагері, ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Қазымбек Баймағамбетов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қазымбек Баймағамбетов, ҚР су шаруашылығы және ирригация министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі
Мен енді көп жылдан бері осы су шаруашылығы қызметінде істеймін. Айтатыным, жастар енді болашақта осы мамандықты игеріп, су саласын биікке көтеретіндеріне сенімдімін.
Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хаттары сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген жұмысшы мамандық иелеріне табысталды.
Сабина Жолдаспаева