Бұған дейін хабарлағанымыздай, 94 жастағы Сағадат Жұмабаев қажылыққа деп ұзақ жылдар жинаған 3,6 миллион теңгесін сырқат баласы бар 30 анаға таратып берген еді. Адамгершілік пен имандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен ақсақалдың бұл сауапты ісі көпшілікті тебірентті. Енді мүфтият қарияға құрмет көрсетіп, қажылық сапарына жолдама сыйлады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын және сәлемін Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қарияға арнайы барып жеткізді.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы

Көрдік сіздің сауап ісіңізді. Біздің Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Бас мүфти хазірет Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы мені сізге жіберді. Ол кісі сізге дұғай сәлем айтып жатыр. Мына істеген ерлігіңізге, істіген сауап жұмысыңызға шын алғысын білдіріп жатыр. Сондықтан ең бірінші бас мүфти атынан сізге алғыс хат. Осыны оқып берейін. Құрметті Сағадат Сәкенұлы сіз Алла тағаланың разылығы үшін жасаған қайырымды ісіңізбен көпке үлгі болдыңыз. Қажылық сапарға жинаған қаржыңызды мұқтаж жандарға беріп, үлкен жүректілікпен имандылықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіз. Ислам дінінде жақсылық жасау, мұқтажға көмек беру ең ұлы амалдардың бірі. Қасиетті құранда кімде кім біреуге жақсылық жасаса, ол жақсылығы өзіне қайтады. Делінге Құран Кәрімде. Сіздің бұл қайырымдылық қадамыңыз Алланың разылығы үшін жасалған үлкен сауапты іс.

Бұдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарияның денсаулығы жараса, келесі жылы үлкен қажылыққа, ал мүмкіндік болмаса, кіші қажылыққа, яғни, умраға жіберетінін айтты.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы

Енді қазіретіміздің сізге аманаты бар. Жеткізсін деді. Біз ИншАлла құдай қаласа үлкен қажылық сіз қаражатты жұмсадыңыз. Сауп жұмысқа бердіңіз. Сізді қазірет үлкен қажылыққа жіберуге дайын. Үлкен қажылыққа. Біз барлығын өзіміз реттейміз. Қазақстан мұсылман діни басқармасы мүмкіндігін болса, денсаулығыңыз мүмкіндік берсе келесі жылы үлкен қажылыққа жіберейік. Егер денсаулығыңыз болса, онда Умраға жіберейік кіші қажылыққа. Кіші қажылық 10 күн болады. Қасыңызға біреуді қосып, жібереміз ИншАлла қазірет осыны жеткізсін деді

Ақсақал бұл құрметке алғысын білдіріп, денсаулығы жараса, қасиетті сапарға баруға дайын екенін жеткізді.

Сағадат Жұмабаев, тыл еңбеккері

Маған енді алғыс хат жіберіп, айтқан сәлеміне көптен көп рақмет. Дендеріне саулық, жұмыстарына жеміс тілеймін. Бұқара мұсылман халқы аман болсын. Мені сыйлап ана жақтан алғыс хат жібергені үшін көптен көп рақметіміді айтамын. Ал енді қажылық жөнінде енді биыл жалғыз болған соң бара алмайтын болған соң ұстадым. Қазір енді ондай көмек болатын болса, үлкен қажылыққа барғым келеді. Денім сау болса ендігі жылы.

Қайырымдылық пен жанашырлық – дініміздің негізгі құндылықтарының бірі. Сағадат ақсақалдың бұл ісі – адамгершілік пен имандылықтың нағыз үлгісі.

Әйгерім Тоқпанқызы