Павлодарда екі адамға көшеде итке таланды. Зардап шеккендердің бірі 42 жастағы әйел, екіншісі 39 жастағы ер адам. Екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Шақырту орнына дереу жеткен мамандар қауіпсіздік шараларын қолға алды. Оқиғаның жай-жапсары келесі бейнематериалда.
Шақырту таңғы сағат 7 –лер шамасында түскен.Екі адамды көшеде бос жүрген иттер талап кеткен. Жапа шеккен 42 жастағы әйелдің қолы мен арқасы тістеліп, жарақат алған. 39 жастағы ер адам да сол маңда болған, ол да иттердің шабуылына ұшыраған. Оның қолдары, жамбасы, сирақтары жыртылған жараға толы. Екеуі де дереу Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Құтырмаға қарсы екпе салынды.
Дильназ Қуанышбекқызы