Павлодар облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан аймақтағы дағдарыс орталықтарына 37 азамат жүгінген. Оның ішінде 17 әйел орталықтың уақытша баспанасына орналастырылған екен.
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында полиция, әлеуметтік қызмет пен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп әрекет етеді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау үшін өңірде арнайы мобильді топтар құрылған. Олар 600-ден астам отбасыны аралап, көмекке мұқтаж 180 жанұяны анықтады. Барлық мәлімет тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, қажетті көмек көрсетіледі.
Индира Жүсіпова, Павлодар облыстық ПД ЖПҚБ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы
Қылмыстың жолын кесу және оған жол бермеу мақсатында полициейлер құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара тығыз іс қимыл жолға қойылған. Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің дағдарыс орталығы, арнайы үй қоғамдық қоры жеке көмек көрсетеді. 2025 жылдан бастап дағдарыс орталықтарына 37 азамт жүгінді. Оның ішінде 17 әйел баспанаға орналастырылды. Бұдан басқа, бөлімше жәбірленушілеріне көмек көрсету және құқық бұзушылықтарды қайта әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар үшін облыста 2000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Үш мыңға жуық қорғау ұйғарымы шығарылды. Алайда, бұл талапты орындамаған 152 адам қайта әкімшілік жазаға тартылды.
Индира Жүсіпова, Павлодар облыстық ПД ЖПҚБ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің аға инспекторы
Алкоголь мен нашақорлықтан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуге дайындайтын 191 өтініштің 183і сотпен қанағаттандырылды. ҚР алкогольдік өнімін өткізу жөнінде заңнамасын бұзғаны үшін өңірдің 200-лден астам азаматы жауапа тартылды. Отбасыда физикалық және моральды-психологиялық тұрғыдан ғана емес, кез келген зорлық-зомбылық үнсіз шыдамау керек. егер сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз 102 нөміріне хабарласыңыз. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға психологиялық, заңгерлік көмек көрсету бойынша орталық жұмыс істейді 150 нөміріне хабарласыңыз.
Полиция өтінішімен 627 құқық бұзушыға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды. Оның ішінде 622 адамға алкогольдік ішімдікті қолдануға тыйым салынды. Ал, 20 азаматқа психологиялық көмек алу міндеттелген.
Сабина Жолдаспаева