Орталық жағалауда орын алған қайғылы оқиға жұртшылықты елең еткізді. Өткен демалыс күні төрт дөңгелекті веломобиль аударылып, 69 жастағы әйел қаза тапты. Қазір аталған жағдайға байланысты веломобильдерді жалға беретін орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл оқиғаға қатысты тергеу басталды ма? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Полиция дерегінше, қайғылы оқиға еңіс жолда болған. Веломобильді басқарған адам рөлге ие бола алмай, көлік металл қоршауға барып соғылған.

Жедел жәрдемге қоңырау түнгі сағат 23:08-де түскен. Бар-жоғы алты минут ішінде дәрігерлер оқиға орнына жеткенімен, өкінішке қарай, зейнеткердің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады — ол сол жерде көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тексеру барысында нақты себептер мен жағдайлар анықталатын болады, — деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті. Мамандар веломобиль сияқты көлік құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелеріне аса мән беру қажет екенін ескертеді.

Дильназ Куанышбекқызы