Өткенге тағзым, болашаққа бағдар бола білген «Тарихтың ізімен» жобасы бүгін соңына жетті. Еліміздің өткенінен сыр шертетін тарихи орындарды аралап, жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған бастама өз мақсатына жетті. Жоба жастарға тек танымдық серпіліс беріп қана қоймай, тарихқа құрметпен қарауға үлкен үлес қосты.

Жоба аясында 14 пен 35 жас аралығындағы қатысушылар Павлодар облысының киелі орындарын аралап танымын кеңейтті. Жобаның жабылу салтанаты өтіп, қатысушылар марапатталды.

Сондай-ақ. тарихтан тағылым алып, өткенге құрметпен қараудың маңызын терең сезінуді мақсат еткен жоба аясында жастардың біліктілігіне де назар аударылды. Қатысушылар арасында видеороликтер байқауы жарияланды. Жоба жеңімпаздары анықталды.

Әйгерім Кенжалина, жастар бастамаларын дамыту орталығының креативті жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы

Және де бұл жоба аясында үлкен байқау өткен болатын. Бұл байқау бүгін аяқталған болатын... байқауға қатысқан болатын. Барлық қатысушылыардың арасынан 6 адамды таңдап, марапаттадық. Ослыай кешіміз өткен болатын.

"Тарихтың ізімен" жобасы алғаш рет ұйымдастырылса да, жастар тарапынан зор қызығушылыққа ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Салтанат Бауыржанқызы