Биыл «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл. Мерейлі датаға орай еліміздің өңірлерінде бірқатар салтанатты шаралар өтті. Павлодар облысында өткен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясының депутаттық фракция мүшесі Жигули Дайрабаев келді. Жиында партияның белсенді мүшелері, ардагерлер мен еңбек озаттары марапатталды. Сонымен қатар, партия қатарына жаңадан енген азаматтарға партиялық билет пен төсбелгілер табысталды.

Кездесу облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өңірлік партия активінің қатысуымен өтті. Басқосу барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланып, партия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиынның мақсаты «Ауыл» партиясының өңірлердегі қызметін жандандырып, халықпен кері байланысты нығайту.

Жигули Дайрабаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Жалпы менің түйгенім осы 6 күнде, елдің еңбек адамдарының, еңбек ұжымдарының мына құлшынысы, өімрге деген көзқарасы, мемлекетке деген сүйіспеншілігі өте жоғары. Барлығы өздерінің атқарып жатқан жұмыс орындарында үлкен табысқа жетуге құлшыныстары бар. Халық мәселелері бұл субсидия мәселесі, кейібір ауылдарда әлеуметтік сала мәселелері жөнінде, жер асты суларын пайдалану туралы бар. Біраз мәслелер бар, біз оны облыс басшылығымен ақылдастық. Республикалық деңгейде көмек болса, өз тарапымыздан қолдау жасаймыз. Жегілікті мәселелерді шешу үшін облыс басшылығы әрекет жасап жатыр.

Кездесу аясында партия ардагерлері мен еңбек озаттарына мерейтойлық медальдар табысталды. Бұл партияның дамуына үлес қосып, оның құндылықтарын ел арасында насихаттаған азаматтарға көрсетілген ерекше құрмет.

Жигули Дайрабаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Жалпы, қазір осы «Ауыл» партиясының жұмысы Болат Әменұлы филиалды басқарады. Жұмысы жанданып жатыр. Барлық аудандарда партияның филиалы құрылды. 120-дан астам ауылдық округтер бар. Барлық жерде «Ауыл» партиясының бастауыш партия ұйымдары құрылып жатыр. Партияға жастар кіріп жатыр. Сондықтан бұл қуантарлық жағдай. «Ауыл» партиясы өте жоғары. Амандық болса, мемлекетіміздің саяси өмірінде тұрақты орын алатын саяси партия болатын кірлік жасаймыз.

Салтанатты шара барысында партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға ресми түрде партиялық билет пен төсбелгілер табысталды. Олардың арасында түрлі сала өкілдері мен жастар да бар.

Даниярбет Ақжолов, «Ауыл» партиясының жаңа мүшесі

Бүгін партияға алғаш рет кіріп отырмын. Осы «Ауыл» партиясына кіргеніме өте қуаныштымын. Өйткені мен де өзім ауылда туып өскенмін. Мен өз жұмысымды қалада атқарып жүрсем де, ішкі жан дүниеммен мен ауылдамын. Сондықтан осы партия өзіме жақын болып табылады. Бүгін партия қатарына студенттер де қосылды. Бұл өте қуанышты жайт. Біз әрі қарай да «Ауыл» партиясымен бірге елімізді көркейтуге ат салысамыз деп үміттенемін.

Ширек ғасырлық тарихы бар «Ауыл» партиясы өз қатарына жаңа мүшелерді қабылдап, болашаққа нық қадам басып келеді. Партияның басты бағыты – ауылды өркендету, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартып, елдің тұрақты дамуына үлес қосу.

Сабина Жолдаспаева