«Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры сауда субьектілеріне мол мүмкіндік беріп отыр. Жалпы облыс орталығының кәсіпкерлеріне 3 млрд теңгеге дейін, ал моноқалаларға 1,5 млрд теңгеге дейін қаражатты субсидиялайды. Тілшіміз айтсын.

Қаламыздағы мына сауда үйі 30 жылға жуық халықтың сауда жасайтын сүйікті орнына айналды. Бірақ заман талабы өзгерістерді де қажет етеді, әсіресе жалға алушылар мен тұтынушылар үшін 5 қабатқа көтерілу жылдар өте қиындады. Сондықтан лифт шахтасын орнату қолға алынды.

Айгүл Әділханова, жалға алушы

Көтергіш лифті қойып жатқанына алғыс айтамыз. Бұл ұжымның үлкен жұмысы. Мүгедектерге, көпбалалы аналарға өте жақсы болды. осында канцелярия отделым бар 2 этажда.

Қазір жеделсатының жұмыстары аяқталуға жақын қалды. 1 тамызға қарай мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамақ.

Марал Тезекпаева, кәсіпкер

 «Даму» қорының көмегімен 100 млн теңге көлемінде 21 пайызбен несие алдық. оның ішінде 9 пайыздық мөлшерлемені біздің компания төлейді, 12 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Шарттары өте жақсы болғандықтан, осылай өзгерістер жасадық.

Ал, бұл қаламыздағы азық-түлік дүкендерінің бірі. Жеке кәсіпкер ғимаратты сатып алып, дүкеннің жұмысын кеңейту үшін «Даму» қорына жүгінген.

Рада Маутина, кәсіпкер

Менің бұрын қаламыздың сауда үйлерінің бірінде бутигім болған. Одан мен кеңейіп дүкен ашқым келді. Содан үйімді сатылымға қойдым. «Дамуға» кеңес алуға барғанмын, онда үйді сатпай ақ, 9 пайызбен жаңа бағдарлама шыққанын айтты. Құжаттарды тапсырып, күттік. Өтінішті мақұлдады. Үш айдан кейін субсидиялау болды.

Нәтижесінде кәсіпкер 9 пайызбен 33 млн теңге көлемінде 5 жылға несие алды.

Мадина Баденова, «Damu» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері

Қолдау бағдарламасы екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс жасайды. Банктер компанияның сауда айналымына қарайды. Бүгінгі клиенттеріміздің саудада тәжірибелері бар, яғни қаржы анализі кезінде берешекті төлей алатын ықтималдығы жоғары екені анықталды. Сондықтан өтініштер мақұлданды.

«Даму» қорының ішкі сауда субьектілерін қолдау бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеге дейін, ал, Екібастұз, Ақсу сияқты моноқалаларға 1,6 млрд теңгеге дейін несиені субсидиялау мүмкіндігі бар.

Самал Қалиқызы