Павлодар облысы әділет департаментінің мамандары қаламыздағы ардагерлер үйіне барып, құқықтық кеңес жүргізді. Кездесу барысында зейнеткерлер нотариустарға, адвокаттарға, сот орындаушыларға өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қоғам арасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Павлодар облыстық Әділет департаментімен халық арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Кезекті кездесу шаһардағы ардагерлер үйінде ұйымдастырылды.

Маржан Имятова, Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы

Бүгін біз қаламыздың ардагерлерімен кездесіп отырмыз. Шарамыздың негізгі мақсаты құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізу, әсіресе мына егде жастағы адамдарға өзгерістерді, жаңашылдықтарды айту. Кеңес жүргізіп, құқықтық көмек көрсетеміз. Әділет департаменті мамандары енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды халық арасында уақытылы түсіндіреді, әсіресе елдімекендерге жиі барып тұрамыз.

Кездесу барысында Әділет департаментінің бөлім басшылары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары ардагерлердің сұрақтары мен өтініштері тыңдап, әділет саласындағы еніп жатқан өзгерістермен таныстырды.

Сапарбек Маусымбаев, «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі

Біздің арамыздағы қатынас, осы ардагерлер мен әділет департаментінің арасындағы өте тығыз. Ардагерлер көп жерлерге бара алмайды, сондықтан оларды жинап кездесіп жатырмыз. Арадағы байланыс өте күшті. «Жаңа Қазақстан» аясында Әділет департаментімен жасалып жатқан жұмыс өте бір үлгі.

Павлодар облыстық Әділет департаменті құқықтық-түсіндірме жұмыстарын облыс орталығында ғана емес, шалғайдағы ауылдарға барып та жүргізеді.

Самал Қалиқызы