Облыстық мәслихат депутаттары биыл атқарған жұмыстарын қорытындылады. Басты басымдық – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және халықпен тығыз байланыс орнату болды. Бұл бағыттағы жұмыс жаз мезгілінде де жалғасады.
Биыл халық қалаулары 5 сессия мен 21 тұрақты комиссия отырысын өткізді. Мәслихатқа 67 депутаттық сауал жолданып, бес ұйыммен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, депутаттар халықпен кездесіп, өзекті түйіткілдердің басын шешті.
Илья Теренченко, облыстық мәслихат төрағасы
«Депутаттар жұмысының өзегі – халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындар көтерген мәселелерді жергілікті жерде шешуге ықпал ету. Біз корпуспен бірге азаматтарды жиі толғандыратын тақырыптарды талқылап, сол бағыттарда белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Егер мәселе әлеуметтік салаға қатысты болса, онда тиісті салалық комиссия іске қосылады. Халықпен жұмыс істеу – басты басымдықтың бірі болып қала береді. Қазір біз азаматтарды қабылдау бойынша көшпелі кездесулер өткізуді және жергілікті жерлердегі кездесулер санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ерекше назар құрылыс алаңдарына аударылады, себебі ол жерде белгіленген мерзімдерге үлгермей қалу қаупі бар. Осыған үшінші тоқсанда басымдық беріледі.»
Мәслихатта жеті тұрақты комиссия жұмыс істейді. Жиын барысында бір құрылымының жұмысы қайта қаралды. Нақты айтар болсақ, енді экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне депутат Раушан Даумова жетекшілік етеді. Жақын арада бұл комиссия бірқатар бастамаларды әзірлеп, облыстың экология ахуалын жүргізбек.
Раушан Даумова, облыстық мәслихат депутаты:
Бүгінде өзекті мәселелердің қатарында – заңсыз қоқыс тастайтын орындарды жою, еуроқоқыс жәшіктерін орнату және маса-шіркеймен күрес тұр. Біздің облыс – индустриялық өлке. Сондықтан біз кәсіпорындарда көшпелі отырыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мен көгалдандыру мәселелерін талқылау үшін экологтармен кездесулер ұйымдастырылады.
Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комиссия алдағы уақытта Баянауыл ауданына барады. Себебі еліміздің інжі маржаны аталған қасиетті мекенде тазалық, қоқыс лақтыру мәселесі және биоәжетханалардың жоқтығы сияқты проблемалар ерекше өткір тұр.
Әйгерім Тоқпанқызы