Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында бірнеше кездесу өткізді. Онда өңірдің өзекті түйіткілдер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Депутат облыстық Қазақстан халық партиясы филиалының белсенділерімен кездесті. Бас қосуда жұмысшы мамандықтарын қолдау, сондай-ақ өңір кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері көтерілді.

Асылбек Нұралин, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Мен олардың барлығын түртіп алдым, бұл мәселелерді күзгі сессияда көтереміз.

Одан кейін Асылбек Нұралин облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченкомен кездесті. Әңгіме барысында аймақ мәслихаты тарихында алғаш рет құрылған жастар мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы атап өтілді. Сондай-ақ, елорда мейманына, әлеуметтік желілер арқылы халықпен тікелей байланыс орнату және комиссия отырыстарын онлайн трансляциялау тәжірибесі айтылды.

Илья Теренченко, облыстық мәслихат төрағасы

 «Депутаттың қандай партияға мүше екеніне қарамастан, кез келгені келіп, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып азаматтарды қабылдай алады. Біз арнайы статистика жүргіземіз. Бұл, әрине, қоғамдық-саяси жағдайға әсер етеді. Халық нақты жауап алып, мәселе шешімін табады.

Бұдан кейін депутат облыс әкімінің идеология және әлеуметтік сала мәселелеріне жауапты орынбасары Айгүл Мәліковамен кездесті. Онда жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандарға қолдау, сондай-ақ кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлерге әлеуметтік жәрдем көрсету мәселелері сөз болды. Сондай-ақ өңірдегі кадрларды даярлау сапасын жақсарту – негізгі талқыланған тақырыптардың бірі болды.Сондай-ақ Мәжіліс депутаты «Қазақстан электролиз зауытына» барып, еңбек ұжымымен кездесті. Жиында еңбек жағдайын жақсарту, жалақысын көтеру мәселелері талқыланды.

Илья Мухортов, Қазақстан халық партиясының облыстық филиалы төрағасы

 «Мен мәслихаттағы жастар жөніндегі комиссияда жұмыс істей отырып, мен кадр тапшылығы өте өзекті екенін көріп жүрмін. Металлург, краншы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтардың беделін көтеруіміз қажет. Біз филиалмен бірлесіп жұмыс істейміз. Мысалы, 10 жыл еңбек еткен адамның пәтері бар, көлігі бар, отбасысы бар – осыны көрсетуіміз керек.

Содан кейін Асылбек Нұралин ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тұратын «Отбасылық үлгідегі балалар ауылына» барды. Депутат мұндағы жағдайымен танысты. Мекеме басшысы Светлана Городничева орталыққа тұрақты көмек көрсету үшін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды бекіту жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл бастаманы Асылбек Нұралин қолдады.

Әйгерім Тоқпанқызы