Еліміздің энергетикалық орталығы Екібастұз қаласына – 67 жыл. Атаулы датаға орай шаһарда айтулы мерекелік шара ұйымдастылды.

60 пайыз энергетикамен, 40 пайыз көмірмен елді қамтамасыз етіп отырған шаһарға – 67 жыл. Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама «Өнер» мәдениет сарайы алаңында бастау алды. Салтанатты шара қала әкімі Аян Бейсекиннің тұрғындарды құрттықтау сөзімен басталды.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті жерлестер! Құрметті екібастұздықтар! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың, ардагерлеріміздің мол тәжірибесі мен ақылының арқасында, мемлекет басшысы мен оюлыс әкімінің қолдауымен біз болашаққа нық сеніммен қараймыз. Барлық тұрғындарға түсіністік танытып, сенім білдіргендеріңіз, Екібастұз өңірінің өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын.

Жиын барысында Аян Бейсекин Екібастұз қаласының дамуына үлесін қосып жүрген қызметкерлерді облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапаттап, шаһарға сіңірген көп жылдық жемісті еңбегі үшін ардагерлерге төс белгілер табыстады.

МЫРЗАҒАЛИ ЕРҒАЛИЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АРДАГЕРІ

Жеткен табыстықтарға үлес қосқан біраз азаматтар марапатталды. Оның ішінде көмір саласында, энергетика саласында, ауыл шаруашылығы саласында, көп жастарды бүгінгі төтенше жайдайға қатысты еңбек еткен жас азаматтар да марапатталды.

Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың әзірлеген концерттік бағдарламасына ойысып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

АЙГҮЛ МҰХАМЕДИЯРОВА, ЕРІКТІ

ОСЫ ҚАЛАНЫҢ ТҰРҒЫНЫМЫН. 33 ЖЫЛ ҚАЛАДА ТҰРАМЫЗ. БҮГІН СҮЙІКТІ ҚАЛА – ЕКІБАСТҰЗЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ. СОНДЫҚТАН ОСЫНДАЙ МЕРЕКЕДЕ БҮКІЛ ХАЛЫҚ ЖИНАЛЫП ЖАТЫР. ӨЗІМНІҢ АТЫМНАН ТІЛЕЙТІНІМ АСПАНЫМЫЗ АШЫҚ БОЛСЫН, ДЕНІМІЗ САУ БОЛСЫН.

Өлкеміздің гүлденуі мен дамуы үшін тер төгу – азаматтық парыз. Энергетика қаласы еліміздің басты қуат көзі болып көркейе берсін.

Айзада Сағидолла