Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы белсенді жастармен кездесті

Аймақ басшысы белсенді жастармен кездесті


Павлодар облысының әкімі Асайын байханов өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Олардың идеялары мен ойларын тыңдады. Тілшіміз толықтырсын.
Шара кіріспе бөлімі мараптатумен басталды. Өңір басшысы Павлодар бокс мектебінің тәрбиеленушісін жоғары жетістігімен құттықтап, 1 млн теңгеге ақшалай сертификат табыс етті.
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. Жастар қазіргі қоғамдағы мәселеге байланысты ойларын білдірді.
Аймақ басшысы өзгеде жаңартудан өткен кітапханалардың барлдығында осындай орталық болатындығын атап өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы жастардың танымал демалыс орындарында тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсынатын еліміздегі алғашқы жоба - «Жастар картасын» құру туралы бастаманы қолдады. Жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен бөлісті.
Сондықтан жастарға басымдық берілетіндігі айтты. Биыл жастардың өз істерін ашу және кеңейту үшін жылдық 2,5%-бен 164 жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған. Кездесу соңында Асайын Байханов ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген қанатты сөзін айтып, өңірдің болашағын әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Жанасыл Серікбол

Бөлісу