«Біз бір отбасында тұрамыз» жазғы этнофестиваль аясында павлодарлықтар фин-угор халықтарының салт-дәстүрлерімен, ойындарымен, музыкасымен және биімен танысты.

Жыл сайынғы жазғы фестиваль аясында фин-угор мәдениетін тойлау «Мәдениет пен дәстүр арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке» аттаы атауымен ұйымдастырылды. Шара мақсаты – осындай үлкен этностық бірлестік мәдениетін көпшілікке көрсету. Айта кетсек, фин-угор халықтарының құрамында 29 ұлт бар.

ОЛЬГА НИКОЛАШИНА, «ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ФИНН-УГОР ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгін біз жерлестерімізді фин-угор халықтарының мәдениеті мен дәстүрімен таныстырамыз. Біз «Лапоток» тамаша ойынын ойнаймыз. Удмурт, мордва, фин әндерін тыңдаймыз. Әрине, қаза тіліндегі өнерімізді де көрсетеміз.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 2 мыңға жуық фин-угор халықтарының өкілдері тұрады, олардың көпшілігі мари, мордва және удмурттар. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында 2015 жылы фин-угор этномәдени орталығы құрылды.

Жанасыл Серікбол