Екібастұз қаласында мүгедек жандар үшін салынған бассейнге күрделі жөндеу жүргізілуде. Спорттық нысан бұрын апатты деп танылған болатын.

Үш жыл бұрын бассейн пайдалануға жарамсыз болғандықтан жабылды. Себебі, ғимарат ашылған күннен бастап күрделі жөндеуден өтпеген. 35 жыл бұрын бой көтерген спорт орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар шынықты. Бірақ, нысан бұл жандарға техникалық тұрғыдан бейімделмеген болды. Енді міне облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

АЙЫМБЕК ОМАРОВ, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Кафель 400 ден астам кем әкелінді мында. Олар бәрі істелінді. Бәрі стеновой. Половой бастадық. Жаңа бассейнде мембрана болады. Қазір процессте теплый пол істедік. Одан кейін стяжка болады. Стяжкадан кейін біз кафельді реттейміз. Бір аптаның аралығында екінші этаж бір аптадан кейін дайын болады./

Күрделі жөндеу барысында мүгедектерге арналған арнайы көтергіш құралын орнату жоспарланған. Жобада бірнеше мердігер фирма жұмыс істейді. Бірі бассейн түбі мен қабырғаларына мембрана орнатады. Ал енді бірі судың сапасын бақылап, деңгейін сақтайды.

ШАҚАР ҚАСЕНОВА, БАССЕЙН МЕҢГЕРУШІСІ

Сондықтан тез жұмыс істеп кетсе, өте жақсы болар еді деп ойлаймын. Енді мына жұмыскерлеріміз тез тез істеп жатыр. Өз жұмыстарын. Жақсы іспен бітіреді деп ойлаймыз енді.

Мердігер нысанды шілде айының ортасында пайдалануға беруді жоспарлаған.

Әйгерім Тоқпанқызы, Анастасия Ерш