«SCAFFOLD» өмір бойы құзыреттілік, осындай тақырыппен облыстың педагогтары үшін ерекше семинар ұйымдастырылды. Шараны Бейсен Ахметов атындағы колледж Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен өткізді. Айта кетейік, Ахметов атындағы колледж Scaffold жүйесін енгізудегі облыстағы пилоттық ұйым саналады.

SCAFFOLD карталары мұғалімдерге олардың мақсаттары мен оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес оқу тәжірибесін шығармашылықпен құруға көмектесетін «кірпіш» ретінде қызмет етеді. Бұны оқу процесіне енгізудің маңыздылығы жоғары, сондықтан аталмыш семинарға 100-ден астам өңір және онлаин түрде республикалық мұғалімдер қосылды.

АЛТЫН СМАЙЫЛҚАНОВА, Б.АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы Бейсен Ахметова атындағы колледж Скафоолд карточкалырн енгізудегі пилоттық ұйым саналады. Іс-шара барысында тренингке қатысушылар «Дария» халықаралық жобасы аясында Еуропалық оқыту және Еуропалық комиссиясының бірлескен зерттеу орталығы әзірлеген құрал Скафоллд карт жиынтығымен танысты.

«SCAFFOLD» жиынтығы – бұл ресми және бейресми білім беретін педагогтерге арналған құрал. Ол сандық, кәсіпкерлік құзыреттерді, жеке, әлеуметтік, құзыреттерді және оқуға икемділік құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін сабақты жобалауға көмектеседі. Бұл сабақ басталғанға дейін қолданылатын құрал. Бұл сабақтар мен оқыту іс шараларын жоспарлауға және өткізуге арналған нұсқаулық, құрал.

АЙШОЛПАН ХАЛАМСИЯ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ)

Өзім Осы Скаффолд бағдарламасын сабақ барысында қолданамын. Мысалы ол 102 карточкадан тұратын болса, оның бір бөлігі қысқа мерзімді жоспарымызбен пайдалана отырып өзіміздің сабағыиызды жалғастырамыз. Оқушылармен қызықты ету үшін сабақ процесін жалғастырамыз.

Алдымен нұсқаулықты қолдану, пайдалану процесі талқыланды. Кейін қатысушылар SCAFFOLD карталарын практикалық түрде қолданып, көрсетті.

Самал Қалиқызы