Қазір қоғамда түрлі бұзылуылары балалардың көбейгені байқалады. Бірінде аутизм, бірінде аутистік спектрдің бұзылысы диагнозы бар. Осы ретте ата аналар баласына кешенді көмек беретін орталықтар қажет деп отыр. Олардың заман талабына сай, білікті мамандармен қамтылу сұрағы да маңызды. Елімізде осы бағытты дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты жұмыс жасайды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Жақында жаңа филиалы ашылған «Адель» орталығы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл балаларды мектепке дайындау, жарты күндік шағын балабақша, логопед, ағылшын тілі, сурет және би бағыттары. Балабақша мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. 5 млн теңге көлемінде грант алыпты. Бұл қаражат жаңа білім беру мекемесінің материалдық техникалық базасын жаңартуға жұмсалды, деді орталық басшысы. Аталмыш орталыққа қазір 40-қа жуық бала келеді. Олардың қатарында мүгедектігі бар балалар да бар.
Ал, бұл «Шаңырақ» түзету орталығы. Қазір әртүрлі диагнозы бар 12 бала орталыққа келіп жүр. Балалары бойынша ата-аналардан анамнез алып, жеке-жеке бағдарлама әзірленеді. Сол бойынша тузету жүзеге асады. Жеке сабақтың бір сағаты – 3500 теңгені құрайды.
Зарина Мақажанова, «шаңырақ» түзету орталығының басшысы
Менің баламның дамуында біраз кешіктірулер бар. сондықтан мен Павлодарда баламен кешенді дайындалатын орталық іздедім. Таба алмаған соң, өзім оқып, үйренуді жөн санадым. Кейін әлеуметтік кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар бар екенін білдім. Соған қатысып, грант алдым. Біздің орталық тілі кеш шығып жатқан, аутизмі бар, көзі нашар көретін балалармен айналысады.
Негізі мемлекеттің қайтарымсыз грантын алу үшін әлеуметтік кәсіпкер ретінде реестрде тіркелу қажет. Сұралған құжаттарды ұсынуды ұмытпаңыз. Бизнес жоспар қажет емес екен. «Кезекте» сайты арқылы өтінімді онлаин беруге болады. Айта кетейік, гранттар жаңа кәсіпкерлерге берілмейді, тек кәсібін кеңейткісі келетіндер ғана үміткер бола алады.
Альнура Сыздықова, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы
Әлеуметтік кәсіпкерлікке берілетін гранттар 2024 жылдан бері беріледі. 36 жоба қаржыландырылды. Өткен жылы 8 кәсіпкер 42 млн теңге көлемінде грантқа ие болды. Биыл тағы конкурс өтеді. Оған облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп отыр. Өткен жылы «Агади» футбол клубы 5 млн теңге жеңіп алды. Ерекшелігі мүгедектігі бар балалар қатысады. «Сана кидс» деген бар, ол да инклюзия бағытында жұмыс істейді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік оқыту, білім беру, медицина саласында көп дамып келеді, деді басқармада.
Самал Қалиқызы