Павлодар қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықтың қамқоршылық кеңесі «Екі жұлдыз» байқауын ұйымдастырды. Осылайша тәрбиеленушілер оқу жылын әдемі ән кешімен қорытындылады.

«Екі жұлдыз» байқауы қамқоршылық кеңестің «Бір әлем. Бір отбасы. Бір жүрек» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынды. Оған қамқоршылық кеңестің мүшелерімен яғни тәлімгерлермен орталықтың тәрбиеленушілері қатысты.

ӘЛИЯ АСҚАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

2024 жылы қаңтардан бастап орталықта жоба жұмыс жасай бастады. «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы бүгін өтеді. Жоба балаларды әлеуметтендіруге бағытталған, қамқоршылық кеңес мүшелерімен, достарымен, тәлімгерімен қарым қатынас жасау арқылы.

Байқауда 6 тәлімгер мен тәрбиеленуші өнер көрсетіп, бақтарын сынады. Олар ортаға шығып, патриоттық, табиғат, балалар, махаббат, тақырыбындағы әндерін шырқады.

ВАЛЕРИЙ ЛАРСЕВ, ҚАТЫСУШЫ

Мен қобалжып тұрмын. Бірақ мен біз жақсы өнер көрсететініме сенемін, себебі ұзақ уақыт дайындалдық. Осымен лагерьді аяқтаймын. Жазғы лагерьді жақсы көңіл күймен аяқтаймын деп сенемін.

Айта кетейік, Павлодар қаласындағы өмірдік қиын жағдайдағы балаларды қолдау өңірлік орталығының оқу жылы «Екі жұлдыз» байқауымен қорытындыланды. Қамқоршылық кеңестің мүшелері балаларға демалыс кезіндегі керемет көңіл күй мен есте қалар эмоцияларды сыйлады.

Самал Қалиқызы